-тапсырма. 8
Т. Нұрмағамбетовтың «Он төрт жасар жігіт» әңгімесінің толық
нұсқасын оқы. «Еңбекқор Қияс» деген тақырыпта эссе жаз.
.
Талаптар:
нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
бөлімнен құралуы шарт;
тақырыптан ауытқымаған дұрыс;
тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет;
өмірмен байланыс болуы тиіс;
өзіндік тың пікірлер келтіру керек;
баяндау стилі нақты болуы шарт;
көріктеуіш тілдік құралдарды ұтымды қолдану қажет;
көлемі
100-150 сөз.
ЕСТЕ САҚТА!
қанақ, атыз, ернеулете
көміп қою, тырмалау, т.
тайып тұру, күрсіну.
-
120
5-тақырып

faets faets    1   01.12.2021 15:37    10

Ответы
likiad123 likiad123  11.01.2022 22:31

Прозашы әрі балалар әдебиетінің белді өкілі Тынымбай Нұрмағамбеттің қаламынан талай шығармалар жарық көрді.“Он төрт жасар жігіт” әңгімесінде Саян арқылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жігерлі де қайсарлы балалардың мінез ерекшелігіне ерекше көңіл бөледі.Саянның соғысқа барам деп сұрануы,әкесі майданға кеткен соң,ауру ана,іні-қарындасқа қамқор,бір отбасының арқа сүйері болған, ерте есейген ұрпақ өкілінің типтік бейнесі.Саянмен қатар Қияс атты баланың да әңгімеде алар орны зор.

Қиястың әкесі майданға кеткен.Анасы болса сыртқаттанып жатыр.Осыны ойлап бала уайымдайды.Алайда,бір күрсініп қояды да,анасына арқау болып,еңбекқорлығын көрсетеді.

Олар "алты гектар" жерге әр жыл сайыын тары егіп,колхозға жинап,нандарын табады.Кішкентай Қияс әкесінің жанында жоқтығына қарамастан,әкесінің үйреткен нәрселерін қолданған еді."Алдымен құлақ арықтың шығыс бетіндегі атыздарды суарамын,сонан соң суды батыс,ылди беттерге жыға салу оңай" деген сөздерінен-ақ Қиястың ақылды әрі іске шебер екендігін көреміз.

Қорытындылай келе,еңбекқорлылық - мақсатқа апарар "кілттердің" бірі."Еңбек қылмай ер оңбас" демекші,Қияс секілді балалар көбейе берсе деймін...

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi