ТАПСЫРМА №2 ВРЕМЯ НА ВЫПОЛНЕНИЕ:

17:20

ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты және көтерілген мәселені сәйкестендіру арқылы анықтаңыз.

«БУККРОССИНГ» ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?!

Кітап – біздің асып-таспайтын асыл досымыз. Француз философы Дени Дедро: «Кітап оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» деген екен. Технология атаулы қанша дамып жатыр десек те, қай заманда болмасын, кітаптың орыны биік тұрары сөзсіз. Алайда, қазіргі кезде кітапхана мен кітап дүкендеріне барудан қалып бара жатқанымыз өтірік емес. Біріне уақыт сылтау болса, екіншісіне қалтамыздың көтере бермейтіндігі сылтау. Ал, бұл екі сылтауға да кедергі бола алатын «кітап сыйлау» немесе «кітап алмастыру» акциясы туралы естуіңіз бар ма? Толығырақ айтқанда, акцияның негізгі атауы «Буккроссинг» деп аталады. «Буккроссинг» қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш рет ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбекер. Ол 2001 жылы көпшілік жүретін жерде мынадай жазуы бар кітапты қалдырып кеткен екен: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, оның бұрынғы иесін мына сайтқа кіріп біле аласыз. Кітапты оқып біткесін, оны әрі қарай саяхаттауға жіберуіңізге болады». Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, қазір «Bookcrossing» сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізіліпті.


ТАПСЫРМА №2 ВРЕМЯ НА ВЫПОЛНЕНИЕ:17:20ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІМәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты және

dniwesyka dniwesyka    2   06.05.2021 10:56    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi