Тапсырма 2 Төмендегі сұрақтарға жауап беру  

 1.С.Торайғыров  «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңінде ақын қандай мақсат қояды?
 2.«Надан» деген сөзін қалай түсінесің?
 3.Ақын неге надан болғысы келмейді?   ​

Valercik1 Valercik1    1   20.05.2021 13:04    0

Ответы
nikolyaemelyan nikolyaemelyan  19.06.2021 13:05

1 Объяснение: Қысқа ғана ғұмырында артына өлшеусіз мұра қалдырған, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың саналы ғұмыры білім алуға деген ұмтылыспен, талаптанып ізденумен өткен. Елінің келешегі өнер мен білімде деп білген ақынның мақсаты оқу оқып адам болу, туған халқына пайдасын тигізіп, жарық күні болу, надандықпен күресіп, еліне білімнің сәулесін шашу болатын. Сондықтан да ақынның мұндай тақырыптағы өлеңдері өткір, өр рухты болып келеді. Ізденіс, ұмтылыс сарынындағы «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінде ақынның лирикалық кейіпкері жалынды сөздерімен өжет мінез көрсетеді. Бұл өлеңдегі лирикалық кейіпкер – ақынның өзі. Өлеңде адам болу, толыққанды азамат болу мақсатын, ақындық ұстанымын танытады. Танытып қана қоймай, өзіне-өзі серт береді. Надандықпен ая күреске түсіп, жарығы көмескі жұлдыз емес, сәулелі толған айдай болу мақсатын білдіреді. Бұл оның өміріндегі басты мақсаты болатын. Ал оның кілті – білімде деп ұғатын ақын, осы сертте орындамай, «елдің бетін көрмен» деп өзіне қатал үкім де шығарады.

2 Надан-намысы жоқ,ата-анасын жерге қарататын адам.Надан сөзі қай адам үшін ауыр тиеді.Надан адамдар өздерін сыпайы ұстамайды,білімі жоқ басқалардан қалып қойған.Олар ешқашан адал жолмен ақша табудың жолын емес,тек ұрлықпен табуды ғана ойлайды.Надан қанша өзгергісі келсе де өзгере алмайды,себебі надан адам сол күйі надан болып қалады.Ешкімге құрмет білідіре алмайтын,ата анасын сыйламайтын адам надан деп аталады!

3 менің ойымша ақынның надан болғысы келмейтіндігінің себебі əріп танып оқығысы келеді.Əріп танып, оқу оқыса адам надан болмайды. Сол оқуының арқасында басқа да тілдерді де үйрене алады.Надан болмау үшін ең алдымен ынта мен ниет болу керек

Объяснение: міне осылай деп ойлаймын

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi