Тапсырма 1. Мәтітті зейін қойып тыңдап, мазмұнын жұпта талқылаңыз.
Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге
келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева
Балуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге таныткан Серік ағамыз
КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап
шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі
Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған.
1999 жылы Халықаралык Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-
Мұкықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса
бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының
және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің
иегері. Дәл сол жылы әлемнің ең үздік боксшысы деген атақ Серік Қонақбаевқа бұйырған.
Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен XXII Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980),
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін
жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл
гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-
тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары
Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт
клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт
корының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры.
Серік Қонақбаевтың есімі казақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
2. Мәтінді қайта тыңдаңыз. Мәтіндегі детальді ақпараттарды анықтаңыз.
Детальді ақпараттарды табыңыз.
1
2.
3