Тапсырма 1. Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ол әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан.
Тірек сөздер:
Тобықты руының отбасында дүниеге келген. Шын есімі – Ибраһим. «Абай» деген атты, оның анасы Ұлжан қойған. Ибраһимнің әкесінде (Құнанбайда) 4 әйел болған. Ал, ақынның өзінде 3 әйелден болды. Алғашқы әйелі Ділдә – атақты Қазыбек бидің шөбересі. Оны сөз өнеріне ерте баулыған адам – әжесі Зере. Ол немересінде білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты оята алды. Зере ауызша баяндаудың керемет шебері болған және ертегі мен әңгімені қызықты айта білген. Сондықтан, Абай әжесін қатты жақсы көретін. Тірек сөздер:
Көптеген шығарма жазғанына қарамастан, көзі тірісінде, газеттің беттерінде бірнеше өлеңі ғана жарияланды. Тек қайтыс болғаннан кейін бес жыл өткен соң, «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері» атты шығармалар жинағы жарық көрді. Ол 170-ке жуық өлеңнің авторы. Сонымен қатар, орыстың ұлы ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ең маңызды өлеңдерін 40 жасында жаза бастады. Қазіргі уақытта, ұлы ойшылдың туындылары 60 тілге аударылған.
Тірек сөздер:
2. Тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып қойыңыз.
Тақырып:
3. «Уақыт-ұлы күш» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.