Тапсырма 1 Мәтінге тақырып қойыңыз.
Мәтінде көрсетілген мәселені анықтауға бағытталған 3 нақтылау сұрақ құрастырыңыз.
Су-тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бәрі тәуелді. Алайда күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қаситтері жайында көбі біле бермейді. Су адамнаң шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттіліктен басқа жағдайларда да пайдаға асады.
Жапаон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген.Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың қасына адамдар келіп»махаббат», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан.Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «ұрыс» деген сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, қара лай болып шыққанын көрген.Жапон ғалымы cу біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзімізді, музыканы қабылдайтынын дәлелдеген.
Дәрігерлердің айтуы бойынша сумен емделудуң түрлі әдіс- тәсілдері көп.Мәселен суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Бет жағын төгіп тастау керек, өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі.Осы суды күнде таңертең ішіп отырса, емдік қасиеті бар.Ағзаға барған таза су қанымызға әсер етеді.
Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше, ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.
Сұрақтар:
1.
2.
3.
Тапсырма 2
А.Салт, сабақты етіске ажыратыңыз.
Сабағыңды оқы,, анаңмен сөйлес,, ініңді шақыр,, қалада тұрады,, онымен бірге,, ауылдан келді,, сурет салды.
Ә. Берілген есімдіктерді мағынасына қарай бөліңіз: бірдеңе, дәнеме, біз, анау, неше, өзім, тегіс