Тапсырма-1 • Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды

жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

Жануарлар туралы ертегілер

Жануарлар туралы ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне

замандағы мифтер мен әртүрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып,

кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын

аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі. Жануарлар

туралы ертегілер, негізінен, үш топқа бөлінеді: этиологиялық жануарлар туралы ертегілер,

классикалық жануарлар туралы ертегілер және мысал ертегілер (аполог). Этиологиялық жануарлар туралы ертегілер — өзінің шығу мерзімі жағынан мұндай ертегілердің ең көнесі. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады. Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі — оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы және байырғы синкреттілікті сақтап қалуы мен этиологиялық мифке жақын болуы. Бұл ертегілердегі хайуанаттардың сипаттамасы басқа елдер ертегілермен сарындас. Мысалы, түлкі — аса айлакер, екі жүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс — адуынды озбыр, қара күш иесі, аю — икемсіз, қарабайыр, т.б.

http://bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/biologia/424-zhanuarlar-lem.html сайтынан

Varvarizma Varvarizma    2   22.12.2020 09:38    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi