Тапсырма 1. Мәтінді оқып, менталды карта жасаңыздар. Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті репсублика аумағынан асып, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Теңіз түбінен ұшқан түзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатыр. Сонымен қатар өңірде өкпе-тыныс жолдары, қатерлі ісік және т.б. аурулар түрлері өршіп отыр. Бұл мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да мәртебелі мінбелерден қайта- қайта көтерілуде. Кейінге қалдыруға болмайтын нақты шаралар — Арал өңірі тұрғындарының хал- ахуалын жақсарту, жерасты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауызсу жіберу, суқұбырлар құрлысын жүргізу, «Көкарал» бөгеті құрлысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру. Теңіздің тартылуы салдарынан ауаның орташа ылғалдылығы 18 пайызға төмендесе, ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарады. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-дай көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары — Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру, «Көкарал» бөгеті болмаса, Сыпдария суы Үлкен теңіз тереңдіктеріне барып, айдыңға жайылып, бостан-босқа буланып, ауаға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері оның табиғи байлықтары көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін Кіші теңізге Сырдарияның суы көбірек жеткізу мәселесін шешу қажет. Табиғат – ата-бабамыздан қалған қасиетті мұра. Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет. Адамдарды өркениет жолында атсалысуға жігерлендіру керек. Тақырыбы: Стилі: Мақсаты: Тірек сөздер: Термин сөздер: Мазмұны:

juicedark6 juicedark6    2   25.11.2021 07:31    36

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi