Тапсырма 1. Мәтінді мұқият тыңда . Тапсырмаларды орында . Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты . Бұлақ бір тастақ жерден шыққан , суы мұздай салқын , таза екен . Бұлақтың басында жатқан үлкен таста : — « Ей , жолаушы , болсаң осы таза бұлақтай бол ! » , - деген жазу бар екен . Жолаушылар бұлақтан су ішеді . Сонда тастағы жазуға көзі түскен бір жолаушы : – Бұл бұлақ күні - түні тынбай ағады . Бара - бара оған басқа бұлақтар қосылып , үлкен өзен болады . Бұл жазуды сен де ешқашан жалқауланып , тоқталып қалма , сонда мұратыңа жетесің дегені деп түсінемін , – дейді . Екінші жолаушы тұрып : – Бұл бұлақ кімді болса да ыстықтағанда салқындатып , рақаттандырады . Сусағанның шөлін қандырады . Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді Олай болса , бұл « біреуге жақсылық етсең , оны ешкімге міндет етпе » дегені болар , дейді Жолаушының үшіншісі – жас жігіт үндемей тұрады . Жолдастары : « Сен не ойлайсың ? » - деп сұрайды . – Меніңше , адамдар бұл бұлаққа күні - түні тынбай ағып , тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады . Ал тастағы жазуды : көңіліңді , бойыңды осы бұлақтай таза сақта • Жолаушылардың бұлақ туралы айтқан пікірлерін тауып , сәйкестендір . Біреуге жақсылық етсең , оны ешкімге міндет етпе Бірінші жолаушы Көңіліңді , бойыңды осы бұлақтай таза сакта Үшінші жолаушы Ешқашан жалқауланып , тоқтап қалма . Сонда мұратыңа жетесің . • Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың ? Неліктен ? Мақал - мәтелдерді , көркем сөздерді қолданып , өз ойыңды айт .