Тапсырма-1 Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын...
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді,
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын...
Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап жазыңыз.
1.Ақын тойына кімді шақырады?
2.Өлеңде ақынның қандай тілегі көрінеді?
3.Автор бойындағы қасиеттерді жазыңыз
Тапсырма - 2
«Досы көпті жау алмайды...» деген пікірмен келісесіз бе, әлде келіспейсіз бе? Өз ойыңызды дәлелдеңіз. 80-90 сөз.
Бұл мақалды өте жақсы түсінеміз, өз заманында дұрыс айтылған. Бірақ өкінішке орай бұл мақалымыз қазіргі таңда керісінше мағына беріп тұр.
Қазір достары көптердің бизнесі жүрмей банкротқа кетеді (достар саудаңды өлтіреді, кезек-кезек ақша сұрап,заттарыңды қарызға жазып қойып тағы да ақшасын бермей жүре береді( досың ғой оларды қинамауың керек, О ! )). Ақылың көп болса жұмысқа алмайды, Қазіргінің әкімдері айналасына өңшең топастарды жинап алған, оларды басқару оңай, олар бастарын шұлғып әкімдікі дұрыс болмаса да шапалақ ұрып ,қошеметтеп отыра береді, олардың арасында ақылды адамның отыра алмауы, жүйкесі шыдамайтыны баршамызға аян. Халыққа пайдалы ақылыңды ортаға салып айтсаң әкімге жақпай нағыз басың дауға қалады. Сөздің ашығы осы, несіне жасыруымыз керек оларды, өзің де біліп отырсың оны