Тапсырма № 1. Әңгімені оқы, тапсырмаларды орында. Екі дос жолда келе жатады. Олардың алдынан бір аю шығады. Екеуінің біреуі әлсіз, аурушаң еді. Ал екіншісі мықты, жас жігіт болады. Осы кезде жас жігіт ауру жолдасын тастап, үлкен ағаштың басына шығып кетеді. Ауру жігіт ағашқа шыға алмайды. Ол жерге өтірік өлген болып жата қалады.
Аю ауру жігіттің қасына келеді. Оны иіскейді де, кетіп қалады.
Жолдасы ағаштан түсіп:
-Достым, аю құлағыңа не деп сыбырлады? – деп сұрайды.
Ауру жігіт сонда:
-Аю маған: «Басқа дос тап. Мұндай адаммен жолдас болма», -деді.
Досы қатты ұялып, төмен қарапты.
А) Сәйкестендір. ( )
Ауру жігіт үлкен ағаштың басына шығып кетеді.
Мықты жігіт оны иіскейді.
Аю өтірік өлген болып жата қалады.
Б) Әңгімеге қатысты 2 сөйлемді белгіле. ( )
а) Мықты жігіт досын қорғады.
ә) Мұндай адаммен жолдас болма.
б) Аю ауру жігітті иіскеді.
в) Екі дос орманда келе жатты.
Тапсырма №2. ( )
Дұрыс жұрнақ (-қы+ңыз, -кі+сі, -ғы+м, -гі+ң;) пен тәуелдік жалғауларды жалғап жаз.
І. Менің дәрігер бол келеді.
ІІ. Сенің кино көр келе ме?
Сіздің ән айт келе ме?
ІІІ. Оның су іш келеді.
Тапсырма №3. Мағыналары қарама –қарсы сөздерді жаз. ( )
сау- , кәрі- , жаман- , әлсіз-
Тапсырма № 4. Досың туралы 5-6 сөйлем жаз. ( ).
Тірек сөздер: досымның аты, бір сыныпта, бірге, адал.
Тапсырма № 5. Сөйлемдерді ретімен орналастырып көшіріп жаз ( )
Шегіртке қатты тоңыпты, қарны ашыпты.
Ертеде шырылдауық Шегіртке болыпты.
-Неге жазда үй салмадың? – деп Құмырсқа ренжіді.
СОЧ ПО КАЗ ЯЗ