ТАПСЫРМА №1. Берілген тест тапсырмаларын орындаңыз. 1.Толғаудың идеясы қандай екенін табыңыз.
А)Туған жердің отаршылдардың қолында кеткені, елдің өрісінен айырылып торыққаны
Ә) Жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы
Б) Жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы, нақты адамдардың тағдыры
2. «Үш қиян» толғауының тақырыбын анықтаңыз.
А) Қарапайым халықтың ауыр тұрмыс-жағдайы
Ә) ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының көрінісі
Б) Нақты адамдардың тағдыры жайлы
3. Автор толғауда замана бейнесін қалай сипаттайтынын табыңыз.
А) Қайырымды, сұм
Ә) Адыра қалғыр, сұм
Б) Бақытты заман
4. Ақынның толғауында «адыра қалғыр» деген сөзді жиі қолдануының себебін анықтаңыз.
А) Сол жерді мекендегеніне өкінеді
Ә) Жоспарының орындалмағанына ызаланады
Б) Қоныстанып отырған жерінің өзгеге бұйырғанына налиды
5. Үзінді идеясына сәйкес келетін мақалды табыңыз.
Екі кісі дауласса,
Тату бол деп айтпайды,
Екі айырып арасын.
А) Кеңеспен шешкен шешімнің кемісі болмас.
Ә) Екі құзғын таласса, бір қарғаға жем болар.
Б) Бірлік болмай, тірлік болмас.