Танымал тұлға, ақын-жазушы, ғалым-зерттеушілердің қазақ халқы мен мәдениеті туралы айтқан пікірлерін жинаңдар.авторына сілтеме жасау керек

epikhinanatuly epikhinanatuly    2   04.03.2020 22:36    25

Ответы
Redimer Redimer  17.08.2020 18:58

Қазақтар жайлы...

Д.У. Уарделл, ағылшын инженері:

Қазақтар – ержүрек, еріндікті сүйетін халық. Бірақ өзге көшпенділер сияқты елгезектеу. Олар достарына ақкөңіл де, қонақжай, алайда жауларына аяусыз. Оларға табиғат шешендік пен әзіл-мысқыл сезімін молынан сыйлаған. Ұлға үлкенді құрметтеу, әкеге әкелік борышын сезіне білу қасиеті тән.

Юджин Скайлер, американдық дипломат, ғалым:

Қырғыздар (қазақтар) басқа да азияттық халықтарға қарағанда бейне бір бала мінезділігімен ерекшеленеді. Олармен өте жақын танысқаннан кейін қырғыздарды (қазақтарды) құрметтемеуге, жақсы көрмеуге ешқандай шараң қалмайды. Орта Азияда тұрған барлық адамдар - қырғыздар (қазақтар) басқа тайпалардан жоғары тұр деген пікір айтады.

Э.С. Вульорсон:

Қазақ сияқты ән мен жырды қастерлейтін халықты табу қиын. Кең жазирада жүйткіп жүретін бұл халық бір ауылға келгенін әнмен білдіреді. Қуаныш-қайғысының бәрі әнмен өріледі. Әншілерін өте жоғары бағалайды. Ерлерден әйелдер де қалыспайды. Киргизы. М., 1901

Адольф Янушкевич, поляк зерттеушісі:

...Қазақтардың ойлау қабілетінің кереметтігіне барған сайын көзім жетті. Әр қазақ өз шаруасын жете түсіндіреді. Бірнеше күн бұрын өзара дауласқан екі партияның қақтығысына куә болдым. Сонда Демосфен мен Цицерон жайлы өмірі естімеген шешендерге таң қалып, қол соққанмын. Сонда бұлар тағы, жабайы болғаны ма? Жо-жоқ, Имандай шыным! Тәңірім бойына осынша қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес. Дневник и письма из путешествия по казахским степям.

Каруц Рихард, неміс этнографы:

...Маңғышлақ – балалардың нағыз жұмағы. Бұл ұлан далада шүпірлеген қазақ баласы құрбы-құрдас, ойнайтын жер, ата-ана мейірімінен кенде емес. Мұнда "бала дәуірі" үшін әлек болудың қажеті жоқ, мұнда мыңдаған жылдардан бері баланың өзі би, өзі қожа. Бала есейе келе көшпелі тұрмыстың қатаң шындығы оған өз талабын қоя бастайды. Ол ертеңгісін тезек теріп, кішкентай баланы көтеріп ойнату, құдықтан су тасып мал суару, қой сауу т.б. жұмыстарға көмектеседі. Ол атқа мінуге ерте үйренеді. Среди киргизов и туркмен на Мангышлаке.

Генрих Клапрот, қытайтанушы ғалым:

1806 жылдың күзі мен жазында Ертістің жоғары ағысын бойлап, төменгі Зайсан нұр көліне дейін барған саяхат кезінде күн сайын қазақтарды кезіктірдім. Аздап түркі тілін білетіндігім Орта жүз қазақтарымен сөйлесуіме септігін тигізді. Кейінірек басқа екі жүздің қазақтарымен кездескенімде олардың диалектісіз, бір тілде сөйлейтіндеріне көзім жетті. Қазақ тілі олардың түркі халқы екенін дәлелдейді. 1825 жыл. Париждегі «Азия» журналына француз тілінде жарияланған мақаласынан.

Элизе Рекло, француз географы:

Бүкіл еуропалық Ресейдің көлеміндей жерді Еділ жағалауынан Тарым алқабына дейін, Амударияның аяғынан Ертіске дейінгі өңірді алып жатқан қазақ ұлтын бөгде әскерлерге ұшырамаған ең таза түрік нәсіліне жатқызуға болады. Олар жақыннан қыз алыспайтын эгзогамистерге жатады. Земля и люди. Азиятская Россия

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi