Тамақтану мәдениеті дегеніміз түрлі тағамдарды уақытында және дұрыс мөлшерде тұтына білу, бірқалыпты тамақтану. Адамға тәулігіне қанша мал-
шерде тағам қажет? Бұл – адамның жас дәрежесіне, жынысына, жұмыс түрі
мен тұратын жерінің климат жағдайына байланысты.
Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшерінде
ғана қуат алуы тиіс. Одан көп те, аз да емес! Егер адам асты үнемі мөлшерден
тыс тұтынса, семіреді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшы-
райды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да аурулар пайда болады.
Тамақтану институты жүргізген байқауларға қарағанда, қомағайлана
тамақтану салдарынан семіру өте көп тараған. Тексеруден өткендердің ішінде
18-ден 80 жасқа дейінгілердің 30%-ының салмағы қалыпты мөлшерден артық
ал олардың жартысына жуығы науқас болып шыққан. Алайда тамақты аз
ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды. Өйткені бұның да қауіпті зардаптары бар.
Сондықтан тамақтанудың ақылға қонымды жай-жапсары болуға тиіс.
Жалғаулық шылауларды тауып, түрлерін ажыратыңдар