Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігі қандай? А) Жай сөйлемдері жалғаулықсыз байланысады.
В) –бірақ , дегенмен- жалғаулықтары арқылы байланысады.
С) Тек қана жалғаулықтар арқылы байланысады.
Д) Алғашқы сыңарында саралану мәні айқындалады.
Е) -әйтпесе- жалғаулығы арқылы байланысады.
2 Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Таным-түсініктің дұрыс қалыптасуы – мәдениеттіліктің кепілі.
В) Ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен:
біріншісі – ел басы,
топ басы деген кісілер болады екен, екіншісі – намысқор келеді екен.
С) Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.
Д) Ер деп атақ кім берер, алмас семсер асынбай.
Е) Одан әрі олар сөйлескен жоқ: әңгімеге уақыт қалмады.
3 Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
А) Асқардың сенімін не ел ақтауға тиіс, не тілмаш ақтауға тиіс.
В) Сенің алдында екі-ақ жағдай бар, не сабақты жақсы оқуың керек, не
ауылға кетуің керек.
С) Олжабек сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.
Д) Көктемнің ұзаққа созылуы біздерге жайлы болып тұрған жоқ: алыс
фермаларға бара алмайды
Е) Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.
4 Құрамындағы жай сөйлемдер ешбір жалғаулық шылаусыз, әрдайым
ұласпалы интонация арқылы байланысатын салалас түрін табыңыз.
А) Ыңғайлас салалас. В) Қарсылықты салалас. С) Түсіндірмелі салалас.
Д) Себеп-салдар салалас. Е) Талғаулы салалас.
5 Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Оқуға бармаймын, өйткені жұмыс істеймін. В) Биыл мектеп бітіремін,
бірақ оқуға бармаймын.
С) Шығарып салуға я мен барамын, я сен барасың. Д) Ол үйде
болмағандықтан, біз көрші үйге кірдік.
Е) Оның сабаққа дайындалмаған себебі: кеше кітапханадан кітапты таба
алмады.
6 Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
В) Жорғаң қатты болса, төске сал, ісің ақ болса, көпке сал.