Табу сөзіне шағын мәтін 10-12 сөйлем керек

forsovae forsovae    1   20.12.2020 10:50    0

Ответы
poli148 poli148  20.12.2020 11:00

вот ответ если нужна кому то


Табу сөзіне шағын мәтін 10-12 сөйлем керек
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Aleksandrik0806 Aleksandrik0806  20.12.2020 11:00

Табу сөздер.

Табу – ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер. Табу сөздер төмендегідей негізде қалыптасқан:

1) Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, жай түсті десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен жай сөзін жасыл сөзімен алмастырып қолданған;

2) Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан қасқыр сөзін ит-құс, ұлыма деген сөздермен алмастырып қолданған;

3) Адамды опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған. Мысалы, шешек ауруының атын атамай, оны қорасан деген сөзбен ауыстырып айтқан;

4) Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы адамдардың атын тура атамай, олардың бойындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігіне орай әрқайсысына ат қойған. Мысалы, қыздарға, әйел адамдарға Ақылдас, Ерке қыз, Еркем, Шырайлым, Айнамкөз, т.б. десе, ер балаларға, ер адамдарға Шырақ. Мырза жігіт, Төре бала, Би аға, т.б.

Осы ретпен абысын-ажын, қайын-қайнаға, ата-ене, нағашы-жиен, тіпті жиеншарға дейін ат қойып шыққан. Бұл қазақ халқының тапқырлығы мен озық ойлылығын білдіреді.

ТАБУ негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталынады. Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.

Табудың түрлері:

1. Қазақтың ескі әдет – ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған – туыстарын өз атымен атамайтын болған. Мысалы: шырайлым, кенже бала, мырза жігіт, ата, ене, қайын аға, т. б

2. Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан. Мысалы: жай, найзағайды – жасыл, шешек ауруын – қорасан, қасқырды – ұлыма деген, т. б

Мысалдар:

Қазіргі кезде қорасан (шешек ауруы) толығымен жойылды.

Өңірімізде ұлыма (қасқыр) көбейіп, малға шабуыл жасауда.

Шырайлым (қайынсіңлім) "қазақ аруы" байқауына қатысып, бағын сынайды.

Жасыл (найзағай) түссе, қан қысымым көтеріліп, өзімді жайсыз жесінемін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi