"табиғатты қорғау-парызымыз"тақырыбында "попс формуласы"бойынша өз пікірлеріңді дәлелдеп жазыңдар. 1-сөйлем: "менің " 2-сөйлем: "мен оны былай түсінемін: " 3-сөйлем: "оны мына деректермен,мысалдармен дәлелдей аламын: " соңғы сөйлем: "осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: "

samal22 samal22    1   02.10.2019 22:01    52

Ответы
utrofimova06 utrofimova06  09.10.2020 12:37

"Табиғатты қорғау-парызымыз"тақырыбында "ПОПС формуласы"бойынша өз пікірімді жазу.

"Менің ойымша, біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. "

"Мен оны былай түсінемін: Қолымыздан келгенше табиғатты аялап, оны таза ұстап, қастерлеуіміз керек."

"Оны мына деректермен,мысалдармен дәлелдей аламын: Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген."

"Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз."

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi