Табиғат туралы сипаттау мәтін очень надо

мад228 мад228    2   15.02.2022 01:04    1

Ответы
trofimka31 trofimka31  15.02.2022 01:10

Объяснение:

Табиғат – тіршіліктің тал бесігі. Осы табиғаттың мейіріне бөленіп, адамзат ғұмыр кешеді.  Табиғат адамға пана болумен ғана емес, ғажайып көркемдігімен де тамсандырады. Шыңында мәңгі қар тұрақтаған ақ бас таулар, сылдырап аққан өзен, жаз келсе,  жапырағы жайқалып шыға келетін ағаштар, жерге төселген кілемдей жап-жасыл шөп еріксіз езу тартқызады. Кең даланы нұрға бөлеп, арай төккен таң шапағының көрінісі ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Табиғаттың бізге берер байлығы ұлан-асыр. Жер астынан алынатын қазба байлықтарын айтпағанда, күнделікті ішіп жүрген мөлдір суымыз, тіпті жеп жүрген нанымыз бен тамақтарымыздың өзі — табиғат-ананың бізге берген игілігі.  Иә, демек, табиғат – біздің анамыз. Ал біз –табиғаттың перзенті, оның бір бөлшегіміз. Табиғат пен біздің арамызда ежелден тығыз байланыс қалыптасқан. Біздің табиғаттан бөлек өмір сүруіміз мүмкін емес.  Табиғат – адамзаттың тал бесігі. Солай бола тұра, табиғатқа пайдадан гөрі зиян келтіретін өгейлік көрсетіп жүрген перзенттері аз емес. Далаға кішкентай қоқысты тастай отырып, біз табиғатқа орасан зиян келтіреміз. Ал одан да зорын жасап отырған адамзат табиғатты да бір сәт естен шығармағаны жөн. Сансыз көліктерден, зауыттардан шығатын шығатын түтіндер ауамызды күн сайын ластай түсуде. Бұлар адамзат игілігі үшін жасалып отырса да, табиғатқа келтірер зиянының ұшан-теңіз екенін ұмытпауымыз керек. Ағын суға ойланбастан қоқыс тастай салатын адамдар да бар. Осының бәріне табиғат-ана үнсіз қарап, бізге пана болуын доғарған емес.  Адамзаттың қолдануы үшін барынша табиғи нәрселерді ойлап табу – табиғаттың адамзаттан күтетін үміті. Біз табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреміз. Сондықтан табиғатқа зиян келтірмей, оны көркейтуге үлес қосуымыз керек. «Бір тал кессең, он тал ек» деп дана халқымыз айтқандай, табиғатты көркейту, оған зиян келтірмеу – адамзат алдында тұрған ұлы міндет! Ойымды мына жолдармен аяқтағым келеді: Табиғат – тал бесігі адамзаттың, Көркіңе көзім тоймай, таңдай қақтым. Бар байлығын бересің перзентіңе, Табиғат, панамды да сенен таптым. Бағала, табиғатты , ей, адамзат, Келтірме зиян оған, жетер, тоқтат! Табиғат – ол бір анаң мейірімді, Таппайсың қазынаны одан қымбат!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi