«Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені» аргументативті эссе жазыңыз, Сөз саны - 100-150

maloyzolotov maloyzolotov    1   20.05.2021 18:49    0

Ответы
Инав Инав  20.05.2021 18:50

Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады. Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.

Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
artemonimus artemonimus  20.05.2021 18:50

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер - Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман - тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, алтын ұя - бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым! Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.

«Табиғат – Ана», «Жер – Ана», «Отан – Ана» деген киелі сөздердегі «Ана» деген сөздің қосылып айтылуында зор мән бар, яғни бұл сөздер адамды дүниеге әкелуші, әрі оған өмір сыйлап, өз перзенттеріндей аялы алақанымен аялап, жүректегі ең ыстық ықыласы арқылы бүкіл мейірім шапағатын арнайтын аяулы да ардақты «Ана» деген ұғымды нақтылай түседі. Табиғат, Жер – Ана, туған жер, атамекен, ауылым деген жанға жайлы, сезіміңді сергітетін сөздер бір - бірімен үнемі үндесіп, құлаққа жағымды естілетін бір - бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер.

Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi