Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күншығысында «Таңбалы тас» деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғадан, өзектерден тұрады. Жан-жағында сайлар, күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалар-дың кескіндері сол тасқа қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреуі желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген. Олар – VI-VII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Археологтердің «Таңбалы тасқа» жүргізген зерттеуі нәтижесінде, бұл жердің тас дәуірінде адамдардың табынатын «қасиетті мекені» болғандығы анықталған. Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына төрт мың жылдай өткен. Қазір «Таңбалы тас» ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып, туристер келетін мекенге айналған.

1. «Таңбалы тастардың» Қазақстанның барлық жерінен дерлік кездесетіні қандай ойға әкеледі?
2. Тас бетіндегі әр түрлі жануарлар суреттері нені білдіреді?
3. Таста неліктен VI-VII ғасырлардағы түрік жауынгерлері бейнеленген?

cfvjktn8 cfvjktn8    1   15.04.2020 22:42    0

Ответы
sweetmayers sweetmayers  13.10.2020 07:59

1 - Таңбалы тастардың Қазақстанның барлық түкпір-түкірінен кездесуі,еліміздің археологиялық байлықтарға толы болуы.

2- Тас бетіндегі суреттер- тотемизімнің қалдықтары.Қазақ халқы тотем баба деп табынғандай, аңдардың бейнесін тасқа қашап қалдырған.

3- Оқығанымыздай, археологтар «Таңбалы тасқа» жүргізген зерттеуі нәтижесінде, қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреуі желбірете ту ұстаған 22 салт атты VI-VII ғасырға тән түрік жауынгерлерінің бейнесін тастан тапқан.Бұдан қазақ халқының түркі тектес пайдадан екендігін анық байқаймыз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi