ТАҚЫРЫБЫ

Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар. 2-сабақ

Zhuravl220 Zhuravl220    2   30.12.2020 08:22    0

Ответы
2003lyuba 2003lyuba  30.12.2020 08:30

Атомдардың құрылысын түсіндіру үшін барлық элементтердің периодтық системасын қарап шығу керек. Бұл мәселе химия курсында айтылады. Біз бұл жерде тек сол системаның қазіргі замандағы түрін түсіндіретін бір жеңіл схема келтіреміз (схеманы қараңыз). Aтом ядросы оң зарядты протондардан және зарядсыз нейтрондардан тұрады дегенбіз. Ядро сыртында айналып жүретін жеңіл және теріс зарядты электрондар бар. Әрбір элементтің электрон саны оның рет нөміріне тең. Мысалы, сутегінің нөмірі 1, оның электроны да 1, уранның нөмірі 92, оның электроны да 92. Сол электрондар атом ядросының сыртында белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы электрондардың орналасу тәртібін көрсетеді, яғни период нөмірі атом ядросының сыртындағы электрон қабығының санын көрсетеді. Элементтер системасының 7 периодтық тобы 7 қабат электрон қабығына дәл келеді. Осы қабықтарды ішінен (ядродан) сыртына қарай санағандағы белгілері мынадай: 1) К, 2) L,3) М, 4) N, 5) 0, 6) Р, 7) Q (схеманы қара). Осы 7 үлкен периодтың үшеуі екі қатардан тұрады; олар: 4, 5, 6 периодтар. Сонымен, барлық элементтер oн қатарға бөлінеді (І—X).

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi