Тақырыбы: «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі. Барлық тірі ағзалардың 75% судан тұратыны бәріңізге мәлім. Таза сусыз адам өмір сүре алмайды. Су үнемі теңіз, ауа мен құрлық арасындағы айналымды жүзеге асырады, сол себепті мен «Су – тіршілік көзі» тақырыбын таңдап, зерттедім.
Жер шарында жыл сайын 400 мың км3 шамасында су буға айналып, жоғары көтеріледі екен. Қазақстандағы су ресурстарының негізі – өзен сулары болып есептеледі, орташа жылдық мөлшері – 100 км3, 43 пайызы Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттеріне келеді. Республикамызда таза ауыз сумен қамтамасыз ету мардымсыз. Жоспарланған жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді. Көптеген ауылдық су өткізгіштерінде су залалсыздандырылмайды.
Қазіргі кезде Республикамыздағы барлық ірі өзендер – Іле, Сырдария, Жайық, Ертіс, Шу, Талас ластанған. Теңіз бен мұхиттар мұнаймен ластануда. Бұл қоршаған ортаға өте қауіпті. Судағы балықтар қырылып, қалу қаупі жылдан жылға өсіп келеді.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыштардың артық мөлшері топырақтан шайылып, өзен, көлдерге, теңізге түсуде. Бұл судағы оттекті азайтады. Сонымен бірге бұл балық өндірісіне қатты әсерін тигізіп, балық аулау азайып кеткенін айтылып жүр. Біз осы жағдайларды саралай келе, адам күніне қанша литр су жұмсайды және оны үнемдеу, таза ұстауға бола ма деген мәселені айтқым келіп тұр. Мысалы, тісті екі мезгіл тазалау кезінде 4 литрден 8 литр су кетеді екен, тамақ әзірлеуге 3 мезгілде бас-аяғы 10 литр су кетеді екен. Суға түссең орта есеппен 10 – 15 литр су жұмсайсың. Сонда күніне 33 – 38 литрдей су кетеді екен. Бұл бір балаға кететін бір күндік су мөлшері. (223 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/374
2-тапсырма. «Судың өсімдік және жан-жануарларға пайдасы» тақырыбы бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырыңыз.
8
7
6
5
4
3
2
1
3-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі есімдіктің қызметін түсініп, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданып кестені толтырыңыз.
Ол оқып жүр. Марат қызық кітапты оқыды. Марат сол кітапты оқыды. Қорадағы малды санап шықтым. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар. Оның тәтті мәні оятар. Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бірде шал сол ұлдарын жинапты. Кімді айтса, сол келер. Саулығы – 500, қозылары – 1000 екен. Атам шамамен сол болуы керек деді. Сара сабақтан қалды. Ол не себепті қалған? Ол қыз қызыл көйлек киген.
Есімдіктің қызметі Зат есім Сын есім
Бағалау критерийі №
тапсырма Дескриптор
Білім алушы
Мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра алады. 1 Сұрақтарға жауап беріп, ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады. 1
1
Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыра алады. 2 Тақырып бойынша деректер жинақтап, графиктік мәтін түрінде құрастырады. 1
1
1
Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсініп, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдана алады. 3 Есімдіктің қызметін түсініп, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданады. 1
1
1
Барлығы 8