та-ана Әркімнің туған анасы, туған әкесі бар. Сенің әкең де - сенің атаң мен әжеңнің баласы. Әрбір ана мен әке өз балам адам боп, азамат боп ержетсе екен деп тілейді. Баласын асырайды, бағып-қағады, аялап өсіреді. Ата-ананың балаға деген мейірінде, қамқорлығында, оның келешегінен күткен зор үмітінде ешқандай шек-шет жоқ.Әкең мен шешең саған жер бетіндегі теңдесі жоқ қымбат тарту – өмірді ғана сыйлаған жоқ, бақыт та сыйлады. Бақытты бал дәурен балалық, қайғысыз-қамсыз жастық шақ, алаңсыз оқып білім алатын, еңбек етуге үйренетін кезең, осының бәріне ата-анаң жағдай жасайды.Сенің әр қимыл-қылығың, әр ісің, ата-анаңның жүрегіне не қуаныш, не реніш боп оралады. Сенің жағымсыз істерің олардың шашын мезгілсіз ағартады. Әке-шешеңнің елге сіңірген еңбегін танып біл, сыйла, құрметте. Ата-анаңды мақтан тұт! ("Ол кім? Бұл не?", 117 сөз. )Тапсырманы орындаңыз1-тапсырма. Мәтін бойынша әр сұрақтың дұрыс жауабын анықтаңыз. 1

queenames queenames    2   28.10.2020 18:00    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi