Тәуелсіздік, теңдік, Мәңгілік ел жайлы мақал-мәтелдер жазып, олардың мәнін ашыңдар.

YouAreMyWeakness YouAreMyWeakness    2   03.09.2021 18:56    6

Ответы
TANJASELIK TANJASELIK  23.10.2021 16:22

Тәуелді елдің иті де төмен қарап үреді.

Азат басың болсын құл,

Қолдан келмес іске ұмтыл.

Отан - оттан да ыстық.

Туған жердің түтіні ыстық,

Туған елдің күтімі ыстық.

Егемен елдің еңсесі биік.

Тәуелдінің соры қалың, тәуелсіздің бағы басым.

Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, 

Тәуелсіз елдің ұлтаны бол.

Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, 

Тәуелдінің ырысы жарымайды.

Егеменді ел көрікті,

Бетегелі бел көрікті.

Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні.

Ерінен айырылған көмгенше жылайды,

Елінен айырылған өлгенше жылайды.

Тәубенің зоры – Тәуелсіздік.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi