"Тәуелсіздік таңы'" Эссе 150 сөз

Sayonara13 Sayonara13    3   15.12.2020 01:21    2

Ответы
поать поать  14.01.2021 01:22

Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғиығына батырып, көкейге талай сұрақтың келетіні рас. Мысалы, "Біз кімбіз?", "Жұмыр жер бетінде қашан пайда болдық?", "Қай жерді мекен еттік?", "Тіліміз, мәдениетіміздің деңгейі қандай?".

Біз Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған сарқыты, ғұннан қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізіміз. Біз қазақпыз!

Ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы сынға түскен жаугершілік заманда, яғни, 1458 жылы Әбілқайыр хандығынан іргесін бөлген Жәнібек пен Керей сұлтан Моғолстан жеріне Шу бойы мен Қозыбасқа алғаш... Ең алғаш еркіндіктің ақ жалауын тіккен едік.

Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы есті. Көңіл көк аспанындағы қасірет бұлты сейіліп, әнші бұлбұл шаттықтың әнін шырқады.

О, өмірге жаңа сәби келді. Ол енді тәуелсіз елдің ұрпағы. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғанда, осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде. Тал бесіктен жер бесікке дейін өз қалауынша тіршілік етеді. Осы сәбидің күні ертеңгі тағдыры үшін боздақтарым жанын қиған. Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама?! Ағы мен қарасы, жақсы мен жаманы, жасығы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда сап алтындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығын берік сақтауымыз керек.

Тәуелсіздігіме мың тәубе деуді ұмытпайық, ағайын!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Qwertyttt Qwertyttt  14.01.2021 01:22

Жарты ғасыр ғұмыр кешкен қазақ елі о бастан ешкімге тәуелді емес. Елдіктің жолында еңсесі биік. Қылыштан май емес, қан тамған күндер көп болды. Бесіктегі нәрестенің де басы алынған күндерді артқа тастады. Азаматпен қатар ақ жаулықтылар да атқа отырып, жауға шапты. Тарихтың әр парағында қуанышқа қарағанда қайғының орны басым. Намыс пен рух, жігер мен қайрат қазақтың қанына сіңген қасиет. Қызым күң болмасын, ұлым құл болмасын деп қасық қаны қалғанша күрескен талай жауынгердің есімі әрдайым ел есінде.

Бодан болған бірнеше жылдың ішінде баяғы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кезді кім аңсамады дейсіз?! Жайлауда ән салып, қансонарда бүркіт баптаған қазаққа тар қапаста күн кешу оңай болмасы белгілі. Тәуелсіздік – талай түнгі тілек. Ел болып, етек жинағалы да ширек ғасыр өтті. Әлемдік аренада атымыз алтын әріппен жазылмаса да, көштің соңында жүрген қазақ жоқ. Қай жағынан болмасын, болмыспен биік болып жүрміз.

Ұлттың ұлы арманы орындалды. Көлеңкелі күндер де, көлеңке болған күндер де келмеске кетті. Керей мен Жәнібек қазығын қадап, Қасым мен Есім керегесін кеңіткен, Тәуке мен Абылай шаңырағын ұстаған алаштың бүгінгі күні де жаман емес. Елбасымыз сол қара шаңырақты шайқалтпай, кемшілігімізді байқатпай, болашаққа бағытталып келе жатырмыз. Бозбалалықтан жігіттікке өткен бүгінгі күнде жеткен жетістік пен жеңіс көп. Орда бұзар отыздың да ауылы алыс емес.

Көк байрақты одан әрі желбірету – келер ұрпақтың еншісіндегі ең басты дүние. Қара қазан, сары бала қамы үшін кеткен қыршындардың ерлігі есте. Бірақ, бүгінгі заман білектінің емес, білімдінің заманы. Басты қару – ақпарат пен кітап. Ұлттық болмыстың, қазақы мінездің, өр рухтың бізден ажырамасы анық. Алайда, ұмытуымыз мүмкін. Сол себепті де, қазақ деген маңдайының соры бес елі болған батыр елдің бағы батпандай ұрпағы болғанымызды ешқашан естен шығармауымыз керек. Бесікте жатқан балаға егемендіктің ең тәтті әуенін айтыңыз.

Кімнің ұрпағы екенімізді біліп жүруіміз керек. Аш қалса да иттен қалғанды иіскемеген арлан бөрінің, яғни көк бөрінің ұрпағы екенімізбен мақтанайық. Елдіктің жолында ескеретін ең басты дүние – ер-азаматтарымыздың төгілген қаны мен тері.  Сол үшін де, тәуелсіздіктің қадіріне жетіп, тәңір сыйының бағасын білейік. Ұлы елдің ұрпағы екенімізді мақтан тұтайық!

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi