"Тәуелсіздік тұғыры болар тұлғалар" тақырыбында эссе жаз

Angelinamskul Angelinamskul    1   20.10.2020 21:30    9

Ответы
Ferz686 Ferz686  20.10.2020 22:01

Тəуелсіздік - қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол-азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры. Егемендік бізге оңай келген жоқ. Тамыры тереңге тартқан тарих беттеріне үңілер болсақ, орыс отаршылдығы кезеңіндегі Сырым, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Кенесары, Бекболат, Жəмеңке мен Ұзақ, Амангелді бастаған ірі көтерілістер мен ұлт азаттық күрестер Тəуелсіздікті аңсаған еліміздің жанкешті ерлігі мен тірлігін көрсетеді. Отызыншы жылдардағы қос нəубеттің қасіретін қалай ұмытамыз. Қолдан жасалған ашаршылық салдарынан халқымыз қынадай қырылды, «Қызыл империяның» құйтырқы саясатының құрбаны болған халқымыздың биік рухты, маңдайалды ұлдары «халық жауы» деген жаламен жазықсыздан-жазықсыз атылды. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының кемел келешегі жолында басын бəйгеге тігіп, ажал оғына қасқая қарсы тұрған Алаш арыстары Əлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай əділдіктің ақ туын жықпай, арманда кетті. Тарихта теңдесі жоқ, миллиондаған жанның өмірін қиған Ұлы Отан соғысының отты жылдарында да қазақ халқының ұл-қыздары қаһармандықтың ерен үлгісін көрсетті. Кешегі Желтоқсанның ызғарында намысты ту етіп көтерген қазақ жастары тотолитарлық режимге қарсы шығып, ақ мұзда алау жаққаны биік рухтың, елжандылықтың жарқын көрінісі

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi