Осы тәуелсіздікке жету жолында ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен туған жерді қорғап, сан түрлі азапты бастан кешті, өзге елдің боданында болып өзге ұлттың айтқанымен жүрді. Сондықтан да бүгінгі күнгі тәуелсіздік ұғымын терең сезіне білуіміз керек, жастардың бағалай білуіне ықпал етуіміз қажет. Оның құнын бағалау бүгінгі ұрпақтың басты парызы.Тәуелсіздік- азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман. Осындай зор сипатты еншілеген жастардың санасына күн сайын құйып отырсақ та артық болмас еді. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт – сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік. Ұлтты сақтау үшін қазақ хандары икемді де ұтымды таразыланған саясат жүргізіп, алып көршілермен тіл табысып, мәмілеге келудің жолдарын қарастыруға тура келді. Қорыта айтқанда, халқымыздың толеранттылығы мен даналығына негізделген салмақты мемлекеттік ұлтаралық саясат, тәуелсіз жылдар бедеріндегі қандай да бір қиындықтарға қарамастан, елімізде ұлтаралық келісімді сақтауға мүмкіндік беріп келеді.

Можно лучший ответ?♡