ответ: Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Жұмыр жердің иен бөлігін иемденіп,жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында тұрған Қазақстан Тәуелсіз Республикасы деген атақты бұдан аттай жиырма алты жыл бұрын күллі адамзаттың санасына құйды. Қазіргі таңда қазақ елі жан-жақты
өркендеп, дамып келе жатқан алып елге айналып жатыр. Сондай елдің төсінде өмірге келіп, қазіргі таңда өмір баспалдағынан өз жолын таңдағалы отырған мен сынды перзентке тәуелсіз елімнің болашағы жастар екені,солар
жайында ақ қағазбен тілдесу бұйырған сынды.
Жастар еліміздің әлеуметтік, эканомикалық және қоғамдық өмірдің
барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастардың еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Еліміздің бүгінгі жастары жаңа жағдайда заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.
Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан,
Мол бақыт күтем жас ұрпақ сенен жасырман.
Басқаны қайдам ұлылық күтем өз басым,
Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан-деп, жаңа даму ғасырынан
үлкен үміт күтетін, жастарға бұйырғанын айтады. Сол сияқты мен өз елімнің болашағына зор үмітпен қараймын. Алдағы мақсатым, мектепті жақсы бағамен бітіріп, өз отаныма еңбек етіп, өскелең ұрпақты тәрбиелейтін ұстаз

болу.
Объяснение: