Тәуелдік жалғаулы сөздердің астын сызып, олардың тәуелдіктің қай жағында, қай (оңаша, ортақ) түрінде тұрғанын айтыңдар. Отан! деп , тілі шықты бал бөбегім, Отан! деп, бөбегіме бал беремін. Тербеткен гүлге бөлеп бесігіне Отанға жан беремін , ән беремін. Нұсқадың екі айтқызбай әміріңді, Жаңғыртып қағамыз біз дабылыңды. Шарықтап шың басынан шырқатамыз, Ардақтап мына ғажап дәуірімді. Отанның ұрпағымыз, түлегіміз, Отаннан тыныс алған жүрегіміз. № 2 Тексті көшіріңдер. Зат есімдерді тауып , олардың негізділерін түзу сызықпен, туындыларын ирек сызықпен сызыңдар. Алыстан көрінгенде , көл ғой деп едік, қасына келсек көлшік екен. Аузымен орақ орған өңкей мылжың. Қарт бақташы сиырларын кешкі сауынына қайырып келеді де, сауылып болғанша үйіне қайтпайды. Еңбек түбі- береке, көптің түбі - мереке. Ел көркі-мал, өзен көркі-тал. Аңшы аңды ұстасам дейді , аң аңшыдан құтылсам дейді. №3 Тексті оқып шығып , көп нүктенің орнына тиісті көптік жалғауын қойып көшіріңдер де , мағыналарын айқындаңдар. Менің творчествомның басты тақырып... ы – соғыс тақырыбы. Бұл тақырып менің кітабымнан кітабыма көшіп келеді, сабақтасып келеді. Кейбір жолдас... : « Соғыс аяқталғанына біраз жыл... өтсе де, сенің кітап...ыңда тоқтамай жүріп жатады ғой» , - деп әзілдейді. Майдан өмірін жақсы білетін , майдангер... жанын терең түсінетін ақын... үшін жалынды жыл... жайында әрқашан да толғап отыру- үлкен парыз. Солдат...дың жорық жол...ын еске түсіріп , ерлікті жырлау – азаматтық борыш. № 4 Зат есімдерге жақшадағы жұрнақтарды жалғап, туынды сөз жасаңдар. Олардың мағыналарын ажыратыңдар. Күрке . Үй. Бөлме (-шық, шік) Пальто. Етік. Үй ( - сымақ) Дәрігүл. Әлия. Құман. Қалжан. Нұрбек. Айдарбек. (-ш, -ыш,-іш) Нұрмағамбет. Жақып. Сақып. Нұргүл (-қан,-ан,-кен.)

Stellright Stellright    3   15.12.2020 12:31    17

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi