Тәуелдік жалғау с окончаниями множественное число

Djajdjo Djajdjo    1   30.05.2019 22:20    8

Ответы
lubochka2 lubochka2  01.07.2020 07:16

Тәуелдік жалғау – сөзді қатынасқа түсіретін қосымшаның бір түрі. Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді ( меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті,тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады. Мысалы:

Жекеше түрі

І жақ–ым, -ім, -м

ІІ жақ-ың, -ің, -ң

-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз

ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і

Көпше түрі

І жақ-мыз, -ымыз, -міз, -іміз

ІІ жақ – тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің

-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз

ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і.

Тәуелденудің екі түрі бар:

Оңаша тәуелдену – бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі. Мысалы, Менің үй-ім, Сенің үй-ің, Сіздің үй-іңіз, Оның үй-і.

Ортақ тәуелдену – бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы, Біздің үй-іміз, Сендердің үй-лерің, Сіздердің үй-леріңіз,  

Олардың үй-і.

Тәуелденген сөз үнемі ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп келеді. Мысалы, Мектептің алды. Кейде бұл тіркестегі ілік септігінің жалғауы жасырын тұрады (Мектеп алды). Біздің,сіздің сөздерімен тіркескен сөздің тәуелдік жалғауы кейде түсіп қалады. Мысалы, Біздің ауылымыз – біздің ауыл, сіздің үйде т.б.

Ескерту: Кейде ілік септігіндегі жіктеу есімдіктері айтылмайды. Мысалы, Менің сөзімді тыңда – сөзімді тыңда.

3-жақтағы тәуелдік жалғауы заттың 3- жақтағы адамға қатысты екенін білдіреді. Мысалы, оның қаламы, және заттың басқа бір затқа қатысты екенін білдіреді. Мысалы, сыныптың есігі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi