Тұсау кесу туралы әңгіме қажет! көмектесіндерші! 50 ! честно!

misterkorolev0 misterkorolev0    1   11.09.2019 10:40    2

Ответы
akbotawka02 akbotawka02  07.10.2020 07:18

Алдымен тұсаукесер күні белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады. Бұл күні кейбір ауқатты адамдар көкпар тартқызып, арты думанды тойға ұласып кетуі ғажап емес. Жиналған көпшілік арасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағылез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін соған тапсырады. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланып, арнайы «тұсау кесер» сыйлығы беріледі. 

Әдетте қазақтар бала тұсауынала жіппен, қылдан ескен шыжыммен немесе ішекпен кескен. Мұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы кесілген күннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар ма деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам кезіксе, кесіп құртуға тырыс дегені. 

Тұсау кесер сәті алдында жиналғандар кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті дәмге толы бала-шағаға арналған дастарқан маңына, қызық тамашаға жиналады. Дастарқан жанына қазық қағып, аяғы тұсалғанбаланы арқандап қояды.Тойдың негізгі жанкүйерлері – балалар алыстан жаяу жарысқа жіберіледі, озып келгені арқанды қиып, дастарқандағы бар дәмге ие болады, оған арнайы сыйлық беріледі. 

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
jqoaokwDaniil11 jqoaokwDaniil11  07.10.2020 07:18
Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi