Тірек создерди осы жерден табады Табигат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсiмдiктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды бiлдiредi. Адам - табигаттын ажырамас белiп. Сондықтан халқымызда <<Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жердi ез Анасындай, Анасын кундей қастерлеу - Ата костаган салтымыз. «Жер шоқтығы - Кекшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын бiлдiрген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның өзен мен көлдердiң ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдыгына тукiрме», «Бұлақ көрсең, көзiн

аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесiн сiңiрген.

Табигатта уздiксiз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың музға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерiнiң козғалысы, гулдердiн шешек атуы, ағаштың жайқалып өсу, өзеннiң тасуы немесе келдердiң тартылып су алуы осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір бiрiмен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сиякты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз максаты мен мiндеті бар. Мысалы, физика, негiзiнен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарык кубылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтiн табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Астрономия ғылымы физика зандарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын тусiндiредi. Олардың қасиеттері мен керiнiсiн утындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияга ортақ құбылыстар кун мен түннiң ауысуын және Күннiң тутылуын қарастырайық. Жарық күн мен қарангы туннiн алма-кезек ауысуының себебі Жердiң өз осiнiң теңiрегiнде уздiксiз айналуы болып табылады. Жер ез осін бiр тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында онын Күн сәулесi тускен бетi жарық болады да, ал қарсы келеңке бетiн тун басады. Сейтiп кун мен тун унемi алмасып отырады.


Тірек создерди осы жерден табады Табигат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсiмдiктер, Жер мен

Blueberrynyam Blueberrynyam    2   05.10.2021 07:54    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi