Тірек сөздерді қолданып, Мағжан Жұмабаевтың қысқаша өмірбаянын жаз.

Өмірбаянның құрлымы
Туған жылы, туған жері туралы
Кімнің шығармаларын оқып, сусындайды
Аудармалары
Шығармалары
Тірек сөздер: Ақын, 1893 , Фирдоуси, өлеңдер жазған, Сағди, Хафиз, Пушкин, Солтүстік Қазақстан, облысы, жылы, "Батыр Баян", "Қорқыт", Булаев ауданы, Байрон, поэмалары бар, "Мен жастарға сенемін", туған, шығармаларын, аударған,

khgssfghdwwcnoy khgssfghdwwcnoy    2   30.04.2021 14:34    4

Ответы
gladyshchuk71 gladyshchuk71  30.04.2021 14:40

Жұмабаев Мағжан Бекенұлы - Алаш қозғалысының белсене қатысушыларының бірі, көрнекті ақын, педагог-ғалым. Ол 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында туған. Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавл) медресеге оқуға түседі, бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбулда оқып, дәріс алған, ауқатты әулеттен шыққан жергілікті интеллигент Мұхамеджан Бегішев ашқан. Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан Жұмабаев бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді. Бірақ, бұл оқумен қанағаттанбаған, ол, яғни болашақ ақын, 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұхамбет Серкебаевпен Медресе – Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді.

1917 жылы М.Жұмабаев Омбының мұғалімдер даярлайтын семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында "Алаш" партиясынг құруға қатысып, чех көтерілісін бастан кешеді, кейін Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде істейді. Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында М.Жұмабаев Ташкентте шығармашылық өнімді еңбекпен шұғылданады. Осы Ташкент кезеңінде ақынның көптеген таңдаулы өлеңдерімен бірге "Батыр Баян" поэмасы жарық көрді.

Объяснение:

1923-1925 жылдары М.Жұмабаев Мәскеуде жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Осы тұста оның білім беру саласына шындап бет бұрғаны байқалады. Ақынның көркем шығармашылықтан гөрі оқу-әдістемелік мәселелермен шұғылдануына екі түрлі себеп болды. Біріншіден, ұлтжанды ақын поэзиясы идеясын өзгертіп, кеңестік жүйені жырлауға бұрыла қоймады. Екіншіден, оның оқу құралдарын, мақалалар жазуы уақыт сұранысынан туған қажеттілік болатын.

Үлкендерге арналған "Сауатты бол" әліппесі бірнеше рет басылып шықты. Қызыл әскерге арнап жазған "Қызыл әскер әліппесі", "Тарту" оқу кітабы мен "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні" деген кітаптары әдістемелік курс ретінде жазылса, "Жазылмақ оқу құралдары һәм мектебіміз" деген мақаласы халық ағарту мәселелеріне арналған. Мағжанның бұл саладағы еңбектерінің көлемдісі де, ең мңыздысы да "Педагогика" еңбегі. Мағжан Жұмабаев педагогика терминдерінің жасалуына да үлкен үлес қосты. Ақынның "Қазақ тілі" өлеңі осы тақырыпта жазылған көркем шығармалардың ішінде идея тереңдігімен, жоғары деңгейде бейнелілігімен айрықша орынға ие болады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi