Тірек сөздер табу керек Қиял - табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі рухани қасиет. Қиялдың шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның алға жылжуына себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте дұрыс айтқан. Ал француз ғалымы Дени Дидро «Қиялсыз ақын да, философ та, тіпті адам болуы да мүмкін емес», - дейді.

Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны олардың қызық ертегілерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі ғажайып оқиғаларды шындық деп қабылдауынан көреміз. Баланың жасы, өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа жақындай бастайды.

Қиял адамның ӛскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. Сонымен қатар ересек адамның қиялы мен енді ғана әмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің де қиялын бір өлшемге салуға болмайды.

Pomogashka2002 Pomogashka2002    2   11.03.2021 16:48    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi