2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ-дің 70-ші Бас Асссамблеясы шеңберінде БҰҰ саммитінде 2015 жылдан кейінгі даму саласындағы күн тәртібін қабылдау бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзге БҰҰ мүше-мемлекеттердің басшыларымен бірге, Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бағдарлары Қазақстанның басымдықтары мен міндеттеріне толық сәйкес келетініне ерекше көңіл бөліп, бұдан былайғы жаһандық дамуға арналған жаңа құжатқа қол қойды.
ТДМ азаматтардың өмір сапасын арттыруға, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық тұрақтылығына бағытталған 2030 жылға дейінгі мақсаттар мен индикаторлардың кешенді әмбебап жинағы болып табылады.
ТДМ 2030 жылға дейін жетуге тиіс 17 мақсаттан, сондай-ақ, оларға байланысты 169 міндеттерден және 242 индикатордан тұрады.
ТДМ үш компонентті біріктіру арқылы тұрақты дамуға жетуіне жәрдемдесуге тиіс: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Тұрақты дамудың үш компонентері арасындағы тығыз өзара байланыстың болуы климаттық өзгерістердің маңызды салдарлары және шектелген табиғи ресурстарды сақтау және «жасыл» экономикаға ауысу қажеттілігі айқын болған қазіргі жағдайда ерекше өзектілікке ие болады
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу және БҰҰ көмегімен көрме базасында «Келешек энергиясы» Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығын құру ТДМ іске асыру жөніндегі халықаралық күш салуына заттай қосқан үлес болып табылады.
Қазақстан үшін ТДМ әдіснамасын және индикаторларын енгізу, Қазақстанның бағдарламалық құжаттарын, ең алдымен, «Стратегии-2050» және одан шығатын бағдарламалардың жаһандық даму мақсаттарына үйлесімдігін ескере отырып, ҚР стратегиялық жоспарлау және мониторингілеу жүйесін әлемдік стандарттарға жүйелік бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жалпы, ТДМ немесе 2030 жылға дейінгі күн тәртібі көптеген аспектілерде Қазақстанның даму саласындағы салып жатқан күштерімен үйлеседі және оларға жету, сондай-ақ ТДМ жетудегі ілгерілікті мониторингілеу және бағалау үшін пайдалы және сенімді саяси негізі бола алады.
2016 жылдың қараша айында өткен Қазақстанның ТДМ іске асыруға және мониторингілеуге жылдам кешенді бағалау мақсатындағы БҰҰДБ халықаралық сарапшыларының міндеті ТДМ нысаналы көрсеткіштерін ұлттық және салалық жоспарларға енгізудің жеткілікті жоғары дәрежесін көрсетті - ТДМ міндеттерінің 61% ұлттық стратегиялық құжаттармен қамтылған.
2016 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттары тұрақты даму қағидаттарын іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында оларды қолдануды ілгері жылжыту және ТДМ қолданыстағы заңнамаға ықпалдастыруға жәрдемдесу қажеттілігі белгіленген Өтінішті қабылдады.
Cоңғы өзгеріс: 05.12.2017