Өтінем көмектесіндерш эссе жазу керек​


Өтінем көмектесіндерш эссе жазу керек​

StacyZviozdohkina StacyZviozdohkina    2   26.01.2021 11:55    0

Ответы
Teoman1Oztemel Teoman1Oztemel  25.02.2021 11:56

Жаныңда жүр жақсы адам.

Жақсылық- адамның ойы, ниеті, іс-әрекеті. Жаман пиғылдардан аулақ болып, қай кезде болса да адамға қол ұшын беріп көмектесетін, жанашырлық танытатын адамды жақсы адам дейміз. Жақсы адам өмірде көп, алайда кейбір адамдар іштарлықтан, қызғаныштан жаман істерге барып жатады, бұл өте өкінішті. А табиғаттың басқа жаратылыстарынан сезімімен, ой-сана, ақылымен, әсіресе, бір-біріне жақсылық жасап, ізгілік көрсетумен ерекшеленеді. Осындай ерекшелігі, артықшылығы бар адамдарға жақсылық жасап, біреуді қуанта білуге асығу керек дегім келеді.

Жақсылық күн секілді, кейде, бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің қасымда өте көп. Олар менің әкем мен анам, оқу- білімге үйрететін ұстаздарым, достарым, туған-туысқандарым. Олар маған үнемі жақсылық жасап, қиын кезде көмектесіп, өмірімнің мәнді де сәнді өтуіне септігін тигізуде. Осыған қарап өмірде жақсы адамдар аз деп айта алмаймын. Ал, еліміз үшін халқымның қамын, бүгінгісі мен болашағын ойлап жүрген жақсы адам Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев. Ол кісінің жақсылығының арқасында осындай тыныш та бейбіт, бақытты күн кешудеміз. Ендеше, осындай жанымызда жүрген жақсы адамдардың қадірін біліп, құрметтеп, сыйлап жүрейік. Әрбір адамның қасында жақсы жанның жүруін тілеймін.

Объяснение:

можете отметить на лучший ответ.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
SashaGuryewa SashaGuryewa  25.02.2021 11:56

(лично өз ойым қажеті тисе қуанам)

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi