Өтінем дауыссыз дыбыстар туралы ертегі құрап беріндерш өөөөөіііннеемм

Rodionok2341 Rodionok2341    1   22.08.2019 18:00    2

Ответы
adadad2 adadad2  05.10.2020 13:08

Дауыссыз дыбыстардың дауы.

Баяғыда Ауыз атты патшалық болыпты. Оның халқы дыбыстар екен. Дыбыстар бір-біріне ұқсас. Қызметтері де бірдей болыпты. Олардың тіршілігі бірқалыпты әрі қызықсыз.

Бір күні бәрінен жалыққан С дыбысы бәрін жинап алыпты. Көптен көкейінде жүрген ойын, қалауын айтты. С дыбысы:

– Мен бұлай өмір сүргім келмейді. Саяхаттағым келеді. Басқа қалаларға, патшалықтарға барғым келеді. Мысалы: Тіл, Тіс, Көмей тағы басқа,-депті. Қалған дыбыстар шулап қоя беріпті. Қарт А дыбысы:

– Шуламайық, жолдастар! С дыбысының айтып тұрғаны жөн-ақ. Ендеше бөлінейік. С дыбысы жалғыс саяхатқа шықпасын. Қасына серік болам деушілер бар ма?- дейді. Осылайша барлығы бөлінген екен. С дыбысының қасына басқа 24 дыбыс жиналыпты. Олар – дауыссыз дыбыстар деп аталса, қалғандары – дауысты дыбыстар деп аталып келеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi