тінді оқы. 1) Сұрақтарға мәтін бойынша жауап бер.
2)Бүкілхалықтық сөзінің баламасын мәтіннен тауып жаз.
1991 жылдың 1-ші желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.
1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1999 жылдың 10-шы қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 79,78 % дауыс алып Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2005 жылдың 4-ші желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2011 жылдың 3-ші сәуірінде сайлаушылардың 95,5 % алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2015 жылғы 26-шы сәуірінде өткен сайлауда жеңіске жетіп, сайлаушылар дауысының 97,75 %-на ие болды.
1) Мәтін кім туралы?
2) 1-ші желтоқсанда не болды?
3) Сайлаудың нәттжесі қандай?
4) 2000 жылға дейін не ұзартылды?
5) Үшінші сайлау қай жылы болды?
6) 2005 жылы сайлаушылар дауыстарын кімге берді?