Төмендегі үзіндіден адал достық
пен амал достықтың сипаттарын қағаз
бетіне түсіру. Ақыл, нақыл, өсиет
сөздерін жинақтап айтыңыз.
Екі түрлі достықтың бар есебі,
Сол үшін жұрт табысады, сенеді.
Бір достық бар Тәңірді алған араға,
Болмайды онда қалтарыс та, нала да.
Тағы бірі тек пайда үшін достасар
Мұнда адамдық болмас түбі қоштасар.
Достасыңдар Тәңірді алып ортаға,
Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама.
Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда,
Алда Құдай берер, кетпес ешқайда.
Егер пайда үшін дос боп табысса,
Қатынаспа, түйінін шеш қатысса.