Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Тыңдалым. Оқылым Отырар, Тараз, Сайрам (Исфиджаб), Түркістан (Ясы), Суяб, Баласағұн тағы сондай сияқты көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасаған тұрмыстық бұйымдар мен қару – жарақтар, киім — кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін. Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қала кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан (Ясы) ертеден «Екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым – қатынасын орнататын I. Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беріңдер? 1. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер қалай атаған? А) Бұйымдар көрмесі B) Сауда – саттық орталығы C) Әлем айнасы 2. Жыл сайын кең көлемде қандай қаладарда жәрмеңкелер өткізілетін?