Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Оқылым
Ғалымдардың болжамы бойынша, әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы 57 мамандық мүлдем жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен. Өткен жылғы Давос экономикалық форумында 2020 жылы әлемдегі 2 млн жаңа жұмыс орны ашылып, 7 миллионнан астам жұмыс орны қысқаратындығы айтылды. Себебі интеллект пен роботты техника дамиды екен. Сарапшылардың айтуынша, болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді, себебі озық технологиялар адамдардың орнын алмастырады. Бұл ретте ең алдымен, икемділік пен іскерлікке ерекше басымдылық берілді. Сонымен бірге, ортаға жылдам, бейімделу және сабыр, жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік, тұрақсыздықтың алдын ала білу, білімін үнемі арттыру сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болды. Ал ертеңгі интеллектуалды болашақ мамандығының негізі – жан-жақты сапалы білім.
Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 200-ден астам мамандық түрлері бойынша кадрлар, 330 мыңнан астам бакалаврлар даярлайды. Бұл мамандықтардың басым көпшілігіне қазірдің өзінде сұраныс жоқ. Ел экономикасы үшін осынша бакалавр қажет пе? Ал еліміздің еңбек нарығында әртүрлі экономикалық мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер саны 13 пайыздан аспайды.
Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) Озық технология, мамандық, болашақ
В) Жұмысбастылық, еңбек, білім
С) Адамдар, білім, студент
Д) Зерттеу, адамдар, күш [2]
Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
А) Мамандық түрлері туралы
В) ЖОО туралы статистика
С) Студенттерді оқыту
Д) Озық технологиялар туралы [2]
Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
Мәтіндегі ақпараттар
Шын
Жалған
А
Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 100-ден астам мамандық түрлері бойынша кадрлар даярлайды.
В
Болашақта 180 жаңа мамандық дүниеге келеді.
С
Кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді, озық технолгиялар адамдардың орнын алмастырады..
[2]
4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
/алмастырады, білім, оқытады, даярлайды, /
Ертеңгі интеллектуалды болашақ мамандығының негізі – жан-жақты сапалы _ _ _ _ _.
[2]
5. Сұраққа толық жауап беріңіз. (4-5 сөйлеммен)
Мамандық таңдауда ең алдымен қандай қасиеттерге көңіл бөлінеді?
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
[5]
сор даю