Төмендегі мәтіннен пайдалы ақпараттарды теріп, конспект жазыңыз. Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады. Сұраныс мен ұсыныс капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді.

bella77777 bella77777    2   14.09.2020 11:58    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi