Төмендегі мәтінді пайдаланып, ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, «Журналист пен көмір өндіруші» шахтердің сұхбатын жазыңдар. Мейрам көмір құдығының түбіне жеткенде, басқа бір дүниеге жеткендей болды. Тоғыз қанат киіз үйдің көлеміндей ғана қуыс, төбесінде кішкене шаңырақтай тесігі бар. Көмір тартқан екі шелек дамыл-дамыл түсіп-шығып, сол тесіктен жылтыраған көгілдір сәулені бүркей береді. Күнбатысқа қарай жер астын кеулеп бір қуыс жатыр: биіктігі кісі бойы, ұзындығына көз жетпейді, көмір қабырғалары шамның жарығымен шағылысып, жылт-жылт етеді. Төбеге қолдың саласындай қылып ағаш қиыпты, әр ағаштың екі басына тіреу қойып, қабырғаға жапсыра тіреп тастаған. Осы жолмен келіп-кетіп жатқан тәшкілердің дабыры, көтерілген көмір тозаңы тосын көзге жер астын алай-түлей, даң-дұң, жат дүние көрсетіп тұр. (Ғ.Мұс та финнің «Қарағанды» романынан)