Төмендегі мəліметтерді пайдалана отырып, еңбек келісімінің үлгісін жасаңыздар.
* Сіз «Ақниет» ашық акционерлік қоғамына менеджер қызметіне
қабылданбақшысыз.
* «Ақниет» ашық акционерлік қоғамының төрайымы – Əбдісүлейменова
Раиса Шоғанбекқызы.
* Сізге 60 000 теңге көлемінде еңбекақы белгіленді.
* Келісім мерзімі – 1 жыл.
* Сынақ мерзімі – 2 ай.
*Сіздің міндеттеріңізге коммерциялық құпия болып табылатын
мəліметтердің құпиялылығын сақтау жəне мекеменің ішкі тəртіп ережелерін
сақтау кіреді.
* Жұмыс берушінің міндетіне сіздің кəсіби біліктілігіңізді арттыру үшін
біліктілікті арттыру курстары мен семинарларға, тренингтерге қатысуға
мүмкіндік жасау жəне оларға қатысты барлық шығынды мекеме есебінен төлеу де кіреді.
* Сіз қажет болған жағдайда 10 жұмыс күніне дейін ақы төленбейтін
демалыс алуға құқылысыз.
Келісімде көрсетілген талаптарды екі жақ тараптарының бірі орындамаған жағдайда еңбек келісімі мерзімінен бұрын бұзылады