Төмендегі екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, тақырып бойынша жеке, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз. 1. Әке, ана, бауырларыңыз - сіздің отбасыңыздағы ең құрметті жандар. Олардың үйде орындары да ерекше. Бір қызығы, бүгін сіздің үйде бірнеше адамның туған күні қатар келіп тұр. Сіз біреуіне қолдан сыйлық жасасаңыз, біреуіне арнап құттықтау жазамын деп шештіңіз. Ендеше іске сәт.
2. Қазақстанның кез-келген көрікті жерін суреттеп, шетелдік досыңызға хат жазыңыз.