Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз.

1. Сізге алтын балық ұстап алу бақыты бұйырды делік. Алтын балық сіздің тек үш тіл егіңізді ғана орындай алады. Ал сіз осы оңтайлы сәтті пайдаланып, жеке әлеміңіз бен қоғам өміріне қандай өзгерістер енгізгіңіз келер еді? Алтын балыққа тілектеріңізді білдіре отырып, бұл жөнінде сюжетті әңгіме құраңыз.

көмектесіңдерші тееззз

Bratok16 Bratok16    2   18.05.2020 07:54    2

Ответы
XxXRePlayXxX XxXRePlayXxX  06.08.2020 08:28

Әңгіме түрінде:

Мен бір күні балық аулауға әкеммен бардым.Біз бірге балық ауладық.Маған әкем балық аулауды үйретті.Мен қармақты өзен ішіне салып едім бір балық қармағыма ілінді.Мен қатты қуандым.Қарасам өзі алтын түстес балық сөйлеп жатыр.Мен таңғалдым.Алтын балық маған қалаған тілегіңді орындаймын,бірақ мені босатшы деп сұрады.Мен оған 3 тілек айттым.1-ші тілегім Әрқашанда әлемде бейбітшілік орнаса екен

2-ші тілегім Әлемде ешбір адам мүгедек болмаса екен,әрбір адамның дені сау болса екен 3-ші тілек барлық бала бақытты болса екен деп тіледім.Сосын алтын балықты суға жібердім.Әкем екеуміз үйге қайттық.Мен бір күні алтын балық тілегімді орындайды деген ойдамын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
FireStreamGun FireStreamGun  06.08.2020 08:28

Егер мен алтын балық ұстап алсам...

Бір сәт қиялға беріліп, арманның жетегіне еріп, ертегідегідей алтын балық ұстап алсам, қайтер едім? Қандай тілек тілер едім? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейінші...

Әрине, қазіргі материалдық қоғамда ең алдымен ойымызға көп ақша келетіні сөзсіз, себебі қалтаңда ақшаң жеткілікті болса, біраз нәрсеге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Ең бірінші ойыма ақша келгенімен, өмірдегі басты құндылық ақшалай байлық емес, денсаулық пен отбасының амандығы екенін ұмытпаған жөн. Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді. Сондықтан мен ең алдымен отбасы мүшелері мен өзімнің амандығымды тілер едім. Бұл – бірінші тілегім делік.

Тағы не сұрасам екен? Келесі кезекте отбасыммен әлем елдеріне саяхатқа аттанар едім. Ел аралап, жер көру, басқа адамдар мен мәдениетпен танысу, әрі ағылшын тілін қолданып, үйрену – менің арманым. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.

Және үшінші тілегім - мектепті ойдағыдай аяқтап, еліміздегі беделді оқу орындарының бірі - С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түсуді армандаймын. Бұл мені болашақта ғалым болуға бір қадам жақындатады. Аталған оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, білімімді шетелде шыңдап, одан кейін елге оралып, медицина саласын дамытқым келеді

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi