Төменде берілген сөйлемдер қандай сөйлемдер?(жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы) беремін
Маған сабақтан қалуға болмайды.
Көлдің биік қабағы.
Өзің барып көретін екен.
Бізге көбірек оқу керек.
Сырдың суы ышқынып ағады.
Есік жақта киім ілгіш.
Мезгілсіз шақырған қораздың басын жұлмақ керек.
Жиналыстан шығып үйіне жүгіре басып келеді.
Тұқымды құрғатпай-ақ себе беруге болады.
Еңбек етсең емерсің.
Жиенді олай қумас болар.
Қар астында шықырлаған жер үйлер.
Қамарға кінә қойып болмайды.
Оның арманы орындалды.
Үрейден төбе шашы тік тұрды.
Сабақ аяқталды.
Қызынған аттың делбесін бос қояр болар.
Арман сүзіле қарады.
Күн суытты.
Су арығын тазалап тұрмаса болмайды.
Ертең қашан келесің?
Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.
Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды.
Жұмысшыларды пәледен құтқармаса болмайды.
Жаңбыр жауды ма?
Қабырғада сағат.
Сан жүздеген адамнан аяқ алып жүруге мүмкін емес еді.
Мен ақын емеспін.
Мен аңсадым, сағындым.
Мына атқа мінер ме едің?