Тұмар (Томирис) ханша — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімі Ахемен әулетінен шыққан, парсының әйгілі патшасы Кирдің әскерін ашық шайқаста жеңуімен тікелей байланысты. Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп, жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды.Екі жақтың арасында қырғын соғыс басталады. Ақырында түркі сақтар парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. Осылайша түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады.
Осылайша Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді.
1-тапсырма Мәтін мазмұнына жоспар құрыңыз:(Составь план по тексту)
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
2-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып, түрлерін ажыратыңыз(Найди 3 местоимения в тексте)
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сан есімдерді қойып жаз. (4)(вставь в предложения недостающие слова они если что в самом низу)
Мұғалім оқушыларды ...-... отырғызды.
Арман сыныпта оқиды.
Оның оқулықтары ... .
Анам дүкеннен литр су әкелді.
Қажетті сан есімдер: бір, жетеу, екі-екіден, бесінші
Спам или не точные ответы бан.
Срок до 5 часов
ЭТО СОР
1.Жоспары:
1. Ел билеген әйел патша.
2. Кирдің айласы.
3. Тұмардың Кирді ойсырата жеңүі.
2.
Сол-сілтеу есімдігі
Бұл-сілтеу есімдігі
Осылайша- сұрау есімдігі
Өздерін, өзі- өздік есімдігі
3.
Мұғалім оқушыларды екі-екіден отырғызды.
Арман бесінші сыныпта оқиды.
Оның оқулықтары жетеу .
Анам дүкеннен бір литр су әкелді.