Тұмар ( Томирис ) ханша — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі . Грек жазбаларында оның елін « массагет » деп атайды . Тұмар ханша есімі Ахемен әулетінен шыққан , парсының әйгілі патшасы Кирдің әскерін ашық шайқаста жеңуімен тікелей байланысты . Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын сақ еліне елші аттандырып , олардың ханшасы , сол кезде күйеуі өліп , жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды . Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді . Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды . Екі жақтың арасында қырғын соғыс басталады . Ақырында түркі сақтар парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады . Қоршауға түсіп , бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады . Осылайша түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады . Осылайша Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен , қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді . 3 - тапсырма : мәтіннен есімдіктерді теріп жазыныз . Оның түрін анықтаңыз .