Тұман деген әдетте қыстыгүні келетін «мылқау мейман» ғой.Тұман түсіп, дүние аппақ сүт дариясына шомылып мүлгіп тұрғандай, жер бетіндегі заттың бәрі буалдыр арасынан көмескі, күңгірт көрініп, көңілді бір белгісіз үрей сезімдер билеген шақты Кириск бұрын тіпті ұнататын да... Ал қазір буырқанған теңіз үстінде біресе жазылып, біресе жиырылып, ирелеңдеп жөңкіген тұман айдаһардың жер бауырлап жылжығанын еске салғандай еді... Күллі әлемді қамтып алған мына сіреспе бозғылт тұманда қайда, неге жүзіп бара жатқаны белгісіз... Әл-қуат кетіп қалжыраған жандары енді еріксіз енжарлық билеп, мына көр тұман тұтқынында қайығы қақпайлаусыз қалтылдап , тағдыр құрығына тырп етпей мойынұсынған шақ... Көр тұман адамды езгілей түсіп, еріктен айырып, мең-зең халде қалдырған...
Буын үндестігі заңдылығына сай жазылған сөздерді табыңыз
А) айдаһардың, тұманда
В) әл -қуат
С) меймандар
D) халде,
Е) дариясына

morti3 morti3    1   28.01.2021 14:08    1